Астана мен Алматы әуежайлары ТМД бойынша ірі он әуежайдың қатарында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда Қазақстан әуежайлары қызмет көрсеткен жолаушылар саны бойынша оң динамика байқалады.

Аталмыш көрсеткіштің өсімі жолаушылар тасымалының артуына байланысты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Елдегі жұмыс істеп тұрған республикалық және облыстық маңыздағы 18 әуежайдың жыл сайынғы жолаушыларға көрсететін қызметінің жартысынан көбі Алматы мен Астана әуежайларына тиесілі. Соңғы 5 жылда Алматы мен Астана әуежайларының қызмет көрсететін жолаушылар үлесі артып, жыл сайын 68% құрап отыр. Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының әуежайлары одан кейінгі орында тұр және саладағы жалпы жолаушыларға қызмет көрсетуі 7-5% құрайды. Ал, Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау және Петропавл қалалары әуежайларының жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша төменгі көрсеткішке ие.

2015 жылы Астана мен Алматы әуежайлары жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша ТМД мүше-мемлекеттер әуежайларының халықаралық ірі ондығының қатарына енді. Қазіргі уақытта Қазақстанда ішкі әуе рейстерді 39 бағыт бойынша 6 қазақстандық әуе компаниясы атқарады.

Бүгінгі таңда халықаралық және ішкі әуе рейстерін атқаратын қазақстандық әуе тасымалдағыштардың заманауи әуе кеме парктері бар. Сонымен қатар, «Эйр Астана», «СКАТ», «Бек Эйр» және «Qazaq Air» сияқты 4 негізгі әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап беретін шетелдік заманауи ұшақтары бар. 

null  

Соңғы жаңалықтар