Астана қаласының театрлары Орталық Азия фестивалінде үздік атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Жастар театрының» ұжымы Орталық Азия мемлекеттерінің VI Халықаралық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанды. Фестиваль қазанның 24-інен 27-сіне дейін Талдықорған қаласында өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Өзбекстанның үздік ұжымдары қатысты.

null
Елордалық қазақ драма театрының актерлары А. Чеховтың «Шие бағы» комедиясының желісі бойынша қойылған спектакльді көрсетіп, Гран-при иеленді, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметінен.

Спектакльді қоюшы танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» ресейлік ұлттық театр сыйлығының иегері - Сергей Потапов. Басты рөлді сомдаған - «Золотой Витязь-2015» халықаралық театр фестивалінің дипломанты Ақмарал Танабаева, сондай-ақ, сахна төрінде «Қаллеки» театрының артистері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері - Кеңес Нұрланов, Қуандық Қыстықбаев, Нұркен Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Сырым Қашкабаев және т.б. өнер көрсетті.  

null null  

Қаллеки театрының жеңісі Астанадан барған қатысушылардың жалғыз жетістігі емес. Елордалық «Жастар» театрының ұжымы да VI Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалінде бірінші орын алды. Театр актерлары Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымымен (қоюшы режиссёрі - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, «Жастар театры» үшін бұл мерейтойлық маусым - ұжым алғаш рет 10 жыл бұрын сахнаға шыққан. «Жастар театры» мерейтойлық театр маусымын біраз жеңістермен атап өтті. Театрдың шығармашылық ұжымы Ақтөбе қаласында XXIV Республикалық драма театрларының фестивалінде Гран-при алса, Беларусь Республикасында ХХI  «Белая вежа» Халықаралық театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасы «Поэтикалық әфсананы көріністі жеткізу» арнайы сыйлығына ие болды. Орталық Азия мемлекеттерінің театрларының фестиваліндегі жеңістері - ұжымның маусым басталғалы қол жеткізген үшінші жетістігі. 

null  

Соңғы жаңалықтар