Астана ІІД жауапсыз құрылысшылардың әрекетінен зардап шегушілерді іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық ІІД жауапсыз құрылысшылардан зардап шеккендерді полицияға жолығуды сұрайды.

Қазіргі уақытта елордалық ІІД алаяқтық жолмен тұрғын үй кешенінің құрылысына инвесторлардан қаражат көздерін жинап, құрылысты аяқтамай сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі қаражат көзін жұмсаған жауапсыз құрылысшыларға қатысты бірқатар қылмыстық істер өндірісте қаралуда. Соның ішінде:

1     «Алға Тоқболат» ЖШС (жетекші Е.Ә. Әлжан нысан - Тұран - Сығанақ даңғ.батысында.) - тергеушілер А. Алпысова (тел: 87784080521), А. Ахметжанова (тел:87014651071, 87172-716213), Л. Буланова (тел:87784080521) Б. Сатиев (тел:87011202605).

2      «КазГазАстана НС» ЖШС, «Алтын Сапа 2011» ЖШС (жетекші Д.К Ахмедьяров., нысан - Қошқарбаева көшесі бойындағы «Зере» ТК, «Зере-2» ТК) - тергеушілер С. Әбішев (87079008818), М. Төлеуов (тел:87009266243, 87472382406, 87003720519, 87172-716341)

3     «Номад Строй ЭК» ЖШС (жетекші А.С. Логвинов нысан - 36 -26 көшесі бойындағы «Есіл ЭК» ТК) -тергеушілер А. Баймахан (87024022908, 87172-716058), А. Төлегенов (87754000058)

4      «НМ Астана Курылыс» ЖШС (жетекші Б.Т Шакиров, Н.Т. Жагипаров нысан - Төлебаева 1 көшесі бойындағы  «Арыстан» ТК) -тергеуші А. Жамалиева (87019085957, 87172-716019)

5     «Бахыт ХI» ЖШС (Д.Т. Каримбекова нысан - Кұдайбердыұлы, 33 көшесі бойындағы «Жастар 4» ТК) - тергеуші Е. Бұзауов (87751680034, 87172-716222)

6     «Blaсk Gold Development», «Grand Elitе-NS» ЖШС (Е. Ахмедин нысан  - Қыз Жібек және Баян сұлу көшесі бойындағы «Бай Тау» және «Sky Сitу») - тергеуші Ж. Көшербаев көшесі бойындағы  (87711627849, 87172-716228).

Астана қаласы ІІД аталған құрылысшылардың әрекетінен зардап шегушілерді Астана қаласы ІІД Тергеу басқарамасына Бейбітшілік көшесі 19, немесе көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

  

Соңғы жаңалықтар