«Астана» ФК Еуропа лигасындағы алғашқы ұпайына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Еуропа лигасы аясында өткен "Астана" футбол клубы мен "Янг Бойз" арасындағы кездесу тең аяқталды.

"Астана Арена" стадионында өткен матч 0:0 есебімен тәмамдалды.

Матчты швейцариялық ұжым белсенді бастаған. Алғашқы қауіпті соққы "Астана" қақпасына жасалды. Алайда бағанадан серпілген допты қақпашы Ненад Эрич қайтара білді. Оның ізін ала Йорик Рове мен Миралем Сүлеймани алыстан соққы жасаған, бірақ қақпадан қиыс кетті.

Бірінші таймның орта тұсынан бастап, "Астана" футболшылары басымдықты өз қолдарына алды. Ең қауіпті мүмкіндік Джордже Деспотовичте болған еді, бірақ доп бағанаға тиіп, кейін серпілді. Содан соң, Дмитрий Шомко өз күшін сынап көрген, алыстан тепкен доп қақпадан сәл биік кетті.

Екінші тайм басында командалар қақпа торуылдаумен болды. Алайда қауіпті шабуылдар ұйымдастырылған жоқ. 67-минутта Неманья Максимовичке жақсы пас түскен, дегенмен ол қақпа алдында тұрып, бағанадан биік тепті. 90-минутта "Янг Бойз" сапынан Денис Заккария жақсы мүмкіндікке ие болды, бірақ ол да допты қақпадан биік жіберді.

Айта кетейік, "Астана" осы ойыннан кейін Еуропа лигасында бір ұпай еншіледі. 

Соңғы жаңалықтар