«АрселорМиттал Теміртау» көмір өндірісіне инвестицияларды азайтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір шахталарының дамуына 25 миллион доллар инвестициялады, деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаменті еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы басқармасының директоры Яков Майер.

«Бүгін шынында да өте азалы күн. Ленин атындағы шахтадағы жарылыстан  бері 10 жыл өтті. Бұл апат компанияның шахтерлік еңбекті қажетті қауіпсіздік деңгейімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды бастауына негіз болды», - деді митинг-реквием барысында журналистерге сұхбат берген Яков Майер.

Оның айтуынша, 10 жыл ішінде компания көмір өндіруге 1 миллиардтан  астам долларды инвестициялаған.

«Бұл жаңа жабдық, бірінші кезекте, Devis Derby жүйесі бүгінгі таңда ең заманауи бақылау жүйесі болып саналады. Ол онлайн-режимде жұмыс істейді және лавадағы газ жағдайын  қажетті деңгейімен қамтамасыз етеді».

Ол 46 кен өндіретін және қазу комбайндары, 5 механикаландырған кешен және басқа да жабдықтардың алынған атап өтті.

«Бір кездері жылына 384 жарақаттану оқиғасы тіркелсе, қазір жылына 20 жарақаттан. Әрине, бұл көрсеткішті нөлге жеткізуге тырысамыз», - деді Яков Майер.

Сонымен қатар, көмір департаментінің менеджері өндірісті жетілдіруге инвестициялардың азайғанын мойындады.

«Бүгінде 5 жылға стратегиялық бағдарлама құрылып жатыр, онда айтарлықтай қаражат салынады. Сіздер түсінесіздер - дағдарыс. Жыл басынан бері 25 миллион доллар инвестицияланды, қалған ақша жыл соңына дейін болады», - деді Яков Майер. 

null  

Соңғы жаңалықтар