Анталия 2017 жылы екі млн. астам ресейлікті қабылдауды жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталия 2017 жылы екі миллионнан астам ресейлік туристі тартуды есептеп отыр, деп хабарлады Анталия сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Давут Четин ресейлік журналистермен кездесуде.

«Біз 2017 жылы ресейлік туристер бізге қайта оралады деген ойдамыз. Қонақ үйлерде кешенді шаралар іске асырылды. Анталия келесі маусымда 2-2,5 миллион ресейліктің келетіндігіне сенім артып отыр»,-деді Четин.

Бұдан бұрын ол 2016 жылдың сегіз айы ішінде Анталияға небәрі 50 мың ресейлік қана келгендігін айтқан еді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 90 пайызға аз. Ақшаға шаққанда Ресейдің «жабылуынан» түріктік туризм бағыты  шамамен 3 миллиард доллар жоғалтты.

Соңғы жаңалықтар