Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 337.16
EUR 379.10
RUB 5.29
CNY 50.56

Әнші Әли Оқапов өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтты

2016 жылдың 5 наурыз 17:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал әнші Әли Оқапов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«8 наурыз - бұл бірінші кезекте көктем мерекесі. Оны атап өтпеу мүмкін емес. Бұл күндері қала  қарбалас тіршілікке көшеді, дүкендерде кезек көбейеді. Ал ерлер  болса, соңғы минуттарда  жанталасады. Мен мерекеде барлығын бірдей құттықтау әдетімде жоқ. Өзіме ең жақын адамдарды ғана құттықтаймын. Ең бірінші, әрине, анамды, сосын педагогтар мен оқытушыларымды... », - деді ол.

 «Осы жолы бізде ерекше күн. 8 наурызды сахнада өткіземіз. Мәди екеуміз ерекше сыйлық жасап үлгереміз бе, жоқ па, білмеймін. Дәстүрлі түрде гүл сыйлаймыз. Бұрын қолдан сурет салып, ашық хат жасағанды жақсы көретінбіз. Қазір ержеттік. Мұндай сыйлық енді ыңғайсыз», - деп қосты Ә. Оқапов.

Бұдан басқа, отандық эстрада жұлдызы нәзік жандылардың қандай қасиетін ерекше бағалайтынын айтып өтті.

Әлидің айтуынша, әйел заты тәрбиелі, мәдениетті, жоғары парасат иесі әрі әзілді түсіне білетін болғаны маңызды.  Әзілдің, әншінің айтуынша, жақсы сәттерде де, қиын сәттерде  көмегі мол.

Сөз соңында жас әнші әйелдер қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

 

 

Басты сөздер: Өнер, Қоғам, Мәдениет,

Пікір қалдыру