Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқандардың туыстары атыс болған жерге ескерткіш қоюды сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қылмыскерді тоқтатқан жерге ескерткіш қойсаңыздар екен, деді Күлекбаевты атыс кезінде жаралап, өзі 9 жерден алған жарасынан қаза тапқан полиция қызметкері Аян Галиевтің қайын атасы Мұхаммет Асанов қаза тапқандардың ағайындарының атынан.

«Соттың бүгінгі үкімімен қанағаттандық, енді ол орындалсын. Сот Аян Галиевті мемлекеттік наградаға ұсыну туралы қаулы шығарып, ҚР ІІМ атына жолдады. Оған Халық қаһарманы деген атақ берілсін. Сосын, атыс болған жерге Шәріпов көшесіне ескерткіш тақта қойылсын. Онда қаза тапқандардың аты-жөні түгел жазылсын», - Мұхаммет Асанов.  

Соттан кейін Аян Галиевтің жұбайы Анар Асанова БАҚ-қа сұхбат берді.

«9 жерден жараланса да, Күлекбаевты тоқтата білді. Егер оны тоқтатпаса, тағы да қаншама адамды өлтіретін еді. Жастарға, артында қалған балаларына үлгі болуы үшін ерлігі ескерілуі керек деп ойлаймын. Ұмытылмауы керек. Бауыржан Момышұлы «Батырлық ерлік деген озық өнеге, халық дәстүрінен» дейді. Осының барлығы Аяныма қатысты айтылған деймін. Мен өз жолдасымды Халық қаһарманы деп танимын», -  деді Асанова Анар.

Айта кетейік бүгін 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматыда теракт жасаған Руслан Күлекбаев және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.

 

Соңғы жаңалықтар