Алматыда ірі өртте автокөлік жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Райымбек көшесі, 275-үй мекен жайында аулада орналасқан қора-қопсылар өртенді.

Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабар сағат 18.58-де түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы көлік кептелістеріне қарамастан, оқиға орнына 12 минуттан кейін жетті. Ол уақытта төрт үйдің ауласында орналасқан қора-қопсылар лаулап жатты. Жалын салдарынан HONDA CRV маркалы көлік толығымен жанып кетті. Жолдың тар болуы және шаруашылық құрылыстардың бір-біріне тығыз орналасуы өртті ауыздықтау жұмыстарына қиындық келтірді», - деп хабарлады ол.

Тілсіз жау 19.23-те сөндіріліп, 19.39-да толығымен ауыздықталды. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 

Соңғы жаңалықтар