Алматыда 3200 метр биікте тау басында қалған турист құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте сағат 16:34-те Алматы қалалық ТЖД кезекші бөліміне туристік топтағы адамның бірі аяғын жарақаттап алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Медеу ауданындағы Шымбұлақ шыңында болған, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

1993 жылғы турист Шымбұлақ шыңында тобығын жарақаттап алған. Шыңның биіктігі 3 450 м, құтқару жұмыстары 3200 метр биікте жүргізілді.

ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті. Ол Алматы қалалық №12 ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар сағат 18:52-де туристерге жетті. Сағат 23:52-де оны тау етегіне түсіріп Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар