Алматы зообағы блогерлерді сотқа берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық зообақ Анна Токишева мен Ольга Рябеваны Facebook-тегі жарияланым үшін сотқа берді. Қыздар бүгін, 27 қазанда талап арызды алды. Баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиевтің сөзіне қарағанда, қыздар «өз жарияланымдарымен зообақ имиджін бұзған». Талап арызда абыройын төкті деп отыр. Екі қыздан да 17 877 000 теңгеден өндіруді талап етуде.

«Біз Анна Токишева мен Ольга Рябеваға сотқа шағымдандық. Олар зообақты «зоотозақ», ал қызметкерлерін «қатыгез» деп жазып, пост жариялады. Мұндай жарияланымдар зообақ имиджін бұзады.  Әр қыздан келтірілген залал 17 млн құрады»,  - деді ол. 

Талап арызда  Анна флешмоб ұйымдастырып, зообаққа бармауды ұсынғаны айтылды. Өз кезегінде Анна Токишева зообақтың жабылуын қаламайтынын айтты.

 «Мен және Ольга 10 жыл қайырымдылықпен айналысамыз. Зообаққа мәслихат депутаты Константин Авершиннің өтініші бойынша келдім. Ол бізден зообақта не болып жатқаны туралы пост жазуды сұрады.  Біз өз қаражатымызға билет сатып алып, басында ісігі бар аюды көрдік. Аузынан жағымсыз иіс шығады. Мен үшін бұл тозақ. Өз пікірімді жаздым.  Флешмоб ұйымдастырдым, алайда жарияланымда зообақты жаңғырту керек екені жазылған.  Зообақты жабу керек деп ойламаймын, өйткені онда сол жерде туып-өскен жануарлар бар. Ол Алматының мақтанышына айналу үшін оны жаңғырту керек (...). Бұл жазда жазылған, ал олар шағымды қазір ғана түсіріп отыр.  Өзге аудандағы сотқа шағымданған. Медеу аудандық сотында мұндай шағымды қабылдау құқығы жоқ, өйткекні мен Түрксіб ауданында тұрамын», - деді Анна Токишева.  

 

 

Соңғы жаңалықтар