Алматы облысының кәсіпкерлері саябаққа тал екті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының кәсіпкерлері «Даму» қорының қызметкерлерімен бірлесіп Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 түп емен талын отырғызды.

«Бизнес аллеясы» акциясына «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы негізінде мемлекеттік қолдауға ие болған Start-up кәсіпкерлері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың барлығы да - «Даму» қорының клиенттері. Олардың арасында балаларды жан-жақты дамыту орталығын ашқан «Долженко Ирина Анатлоьевна» ЖК, фитнес-орталық ашқан «Черноиванова Ирина Игорьевна», сол сияқты «Белгібаева Дина» ЖК, «Арлен» балабақшасы»  және «Микронет» ЖШС-лары бар.

Кәсіпкерлер мен қор мамандары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жалпыхалықтың мереке деп есептейді. Сондықтан бұл айтулы мерекеге әрбір азамат үлес қосуға талпынады.

«Бұл - мерейтойға деген біздің ортақ сыйымыз. Біз жетісулық кәсіпкерлермен бірлесіп, Тәуелсіз Қазақстанның өзінде мықты 25 түп емен отырғыздық. Бұл ауқымды акция біздің шағын шаһарымызды көркейтуге қосқан үлесіміз болсын», - деді «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Бақыт Мұсаев.

Жалпы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Талдықорған - бақ қала» акциясының жалғасы ретінде облыс орталығында тағы 250 000 ағаш көшеттері отырғызылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар