Әлемде жаңа резервтік валюта пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 қазанынан бастап әлемде бесінші резервтік валюта пайда болады. Соңғы 15 жыл бойы АҚШ доллары, британдық фунт стерлинг, еуро және жапондық иена әлемдік резервтік валюта қызметін атқарып келген еді, енді бұл тізімге Қытайдың юані қосылады, деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

Халықаралық валюта қорының директорлар кеңесі 2015 жылдың 30 қарашасында Бейжіңнің өтінішін қанағаттандырып, он айдан кейін өзінің валюталық себетіне ҚХР ақшасын қосуға  шешім шығарды.

Айта кетейік, бастапқыда әлемде 16 резервтік валюта болған, бірақ 1981 жылы олардың санын бесеуге дейін қысқартқан: АҚШ доллары, неміс маркасы, француз франкі, британдық фунт және жапондық иена қалды.

2000 жылы еуро енгізілгеннен кейін, марка және франк жаңа валютаға жол берген болатын. Енді міне ХВҚ тарихында алғаш рет эксклюзивті клубқа жаңа мүше қабылданды.

Юань бірден үшінші орынды еншілеп,  11 пайыз үлеске ие болды. Доллар шамамен 40 пайыз деңгейінде  қалды, ал еуроның үлесі 37 пайыздан 31 пайызға төмендеген. Кильдегі әлемдік экономика институтының бұрыңғы вице-президенті профессор Рольф Лангхаммер бұл шешімді толықтай ақталған деп есептейді: «Халықаралық саудадағы рөлі бәсеңдеп, қысқарғандықтан, еуроның халықаралық есептегі маңыздылығы азаюда».

Хеннинг Фепельдің пікірінше, бүгінгі таңда, эспортты дамыту мақсатында, ҚХР билігі жасанды түрде юаньның айырбас бағамын төмендетіп отыр, алайда ұзақмерзімді жоспарда Қытай құбылмалы валюталық бағамға қызығушылық танытады.  

«Қытай қазіргі таңда өзінің даму моделін ауыстырып жатыр, ол экспортқа негізделген өсімнен алшақтап, ішкі нарық есебінен өсуге бағыт алған. Юань бағамының жоғарылауы осы экономикалық модельді жүргізуге өз ықпалын тигізеді». Қытайдың таза нарыққа көшуі 10 жылдан 15 жылға дейін уақыт алуы мүмкін деп есептейді HWWI директоры.

 

 

Соңғы жаңалықтар