Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы циклонның ықпалында болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Қазақстанның барлық аумағы циклонның ықпалында болады.

Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.

Фронтальды бөліктердің өтуімен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсерлі жаңбыр сақталады.

Республиканың батысында және солтүстік бөлігінде күндіз температура бағамы 10-20 градусты көрсетеді, орталық және шығыс аймақтарда 13-23 градус жылы болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұлтты ауа райы салдарынан және кей жерлерде қатты жауын-шашынның болуынан температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі, ауа бағамы 16-25 градусты көрсетеді

Соңғы жаңалықтар