Ақтөбе облысында тұрғын үйде болған газ жарылысы тексерілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Темір ауданы Кеңқияқ кентінде газ жарылып салдарынан ара жабынды плита құлаған болуы ықтимал. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов нақтылады.

«Үй тұрғындарынан сұрау барысында үйдің жабындысы қирауына бастапқы себепші пәтердің бірінде газ жарылуы себепші болуы ықтимал екендігі анықталды. Үй екі қабатты, үш кіреберістен тұрады. 1974 жылы пайдалануға берілген», - дейді Руслан Иманқұлов.

Газ жарылысынан шыққан өртті сөндіруге 11 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.

«Қазір оқиға орнына Ақтөбе облысы ТЖД-ның көшпелі өрт зертханасы жіберілген. Оқиғаның мән-жайы анықталады», - дейді Р. Иманқұлов.

Бұған дейін жергілікті БАҚ оқыс оқиға жұма күні түнге қарай болғанын жазды. Жарылыс болған дыбыс шыққан  пәтерде ешкім тұрмаған, күндіз онда газ құбыры жөнделіп, дәнеркерлеу жұмыстар жүргізілген. 

Соңғы жаңалықтар