Ақтау балығы мен Ақтөбе майы астаналықтардың жоғары сұранысына ие

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде.

Ондағы азық-түлік тауарларының құны нарықтағыдан 20 пайызға арзан бағамен сатылуда.

Ақтөбелік тауарөндірушілер елордаға 400 тонна өнім әкеліп отыр. Оның ішінде 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна жеміс, 24 тонна сүт өнімдері, 17 тонна өсімдік майы бар.

 

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, мұндағы тауарлардың бағасы Астана базарындағы қалыпты бағалардан әлдеқайда төмен.

 

 

Егер Астанада сиыр етінің келісі орташа есеппен 1250 теңге болса, ақтөбелік сатушылар оны 1000 теңгеден сатып жатыр. Өз кезегінде қой еті сәйкесінше, 1200/950 теңгеден жіберілуде. Сонымен қатар жылқы еті келісіне 1400/1200 теңге, тауық еті - 669/600, сүт өнімдері - 200-280/180-240, жұмыртқа - 230/180, бірінші сұрып ұн - 120/90 теңгеден.

 

Ақтөбеден келген өсімдік майына жұрт ұзынсонар кезекке тұрды. Оның құны көлеміне байланысты 325 пен 1035 теңге аралығында сатылуда.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Болат Ерсайынұлы, Маңғыстау облысының өндірушілері әкелген тауарлар елордалықтардың үлкен сұранысына ие болып отырғандығын атап өтті.

 

«Біз бекіре тұқымдас балық түрлерін әкеліп отырмыз. Шамамен 1 тонна балық жеткізілді. Тірідей және тұздалған күйде сатамыз. Астаналықтар тарапынан біздің өнімдер мен тауарларға үлкен сұраныс бар. Кефаль әкелген едік, бірақ оны жұрт бір мезетте сатып алып кетті. Консервіленген өнімдер де бар. Ол да біздің отандық өнім», - деді ол.














Соңғы жаңалықтар