22:39, 21 Қазан 2016 | GMT +6
АҚШ-та Туиттерге кибер шабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық интернет-провайдер Dyn Туиттер микро блогинг қызметінің жұмысына кедергі келтірген хакерлік шабуылдан кейін жүйедегі жұмысын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
«Сервистердің жұмысы қалпына келтірілді», - делінген компанияның сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Бұған дейін хабарланғандай, Dyn компаниясының жүйесіне хакерлер DDoS шабуыл жасады. Кибер шабуыл салдарынан АҚШ-тың шығысындағы штаттарда провайдер қамтамасыз ететін бірқатар сайттар ашпай қалған.