АҚШ-та Starbucks дәмханасындағы атыстан 1 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең Лас-Вегастағы Starbucks дәмханасында ер адам қарудан оқ атты, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлады newsru.com.

Алғашында белгісіз ер адамның жарылғыш затты іске қосамын деп қорқытқаны туралы хабарланған еді, алайда дәмханадан бомба табылмады.

Лас-Вегас полициясы Туиттерде жарияланған мәлімдемесінде оқ атқан ер адамның қамауға алынғаны көрсетілген.

Атыс орны әлі де құқық қорғаушылардың қоршауында, олар тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Алдын ала болжам бойынша, екі ер адамның арасындағы араздық соңы қарудан оқ атуға ұласқан.

Жедел жәрдем қызметі жаралы адамды ауруханаға жеткізді, алайда оның өмірін құтқару мүмкін болды. 

Соңғы жаңалықтар