АҚШ-та 30 метрлік көпірден құлаған екі бала аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ер адам екі баласын қолына алып 30 метрлік көпірден секіріп кеткен, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Оқыс оқиға Нью-Джерси штатында болған. Балалардың әкесі Джон Спинкен сол жерде көз жұмған. Оның денесінің жанынан ұлдары табылды. Үлкені үш жаста, кішісі бір жаста. Екеуі де есінен танбаған.

Полиция балалардың аман қалуына құлаған кезде кедергі жасаған ағаш бұтақтары септігін тигізген деп санайды. Балалар қазір ауруханада, жарақаттары өмірлеріне бәлендей қауіпті емес. Дәрігерлер олар толығымен сауығып кететіндігіне сенімді.

Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда, Спинкен әйелімен сөзге келіп қалып, өзіне және балаларына залал келтірмек болған. Жанжалдан соң ұлдарын алып кеткен.

Полиция оның ұялы телефоны арқылы қай жерге барғанын тауып алған. Тәртіп сақшылары 37 астағы ер адам көпірден қасақана секірген деген болжам жасауда. Өйткені көпірдің екі жағы биік қоршалған. 

Соңғы жаңалықтар