АҚШ аспанында екі ұшақ соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Нью-Йорк штатында жеңіл моторлы ұшақтар соқтығысты.

Әуе апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

Piper Cherokee және Cessna 140 ұшақтарының қатысуымен болған оқиға жексенбі күні Норт-Коллинс елді-мекені маңында орын алды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, әуе кемелері автожолдар қиылысына жақын жерге, егістік алқабына құлаған. 60 жастағы ер адам мен 69 жастағы ерлі-зайыптылардың өліміне алып келген соқтығысудың себептері қазір анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар