Ақмола облысының әкімі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай кентінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Өңірдің 200-ден астам ұстаздар қауымы бас қосқан шараға аймақ басшысы Сергей Кулагин де қатысып, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады және үздіктерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. 

«Білім саласы қызметкерлерінің жұмыс істеуіне тиісті жағдай болмаса, оларға материалдық қолдау көрсетпесек нәтиже де болмас еді. Сондықтан мемлекет білім саласына жан-жақты қолдау көрсетіп отырады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап облыста 500-ден астам мектепке дейінгі мекемелер ашылып, 41 мектеп салынды. Одан басқа, биылғы жылы жаңа оқу жылына қарсы 4 мектеп, 1 балабақша пайдалануға беріліп, Ақкөл балалар үйі жөндеуден кейін қайта ашылды. Қазан айында облыс бойынша тағы екі білім нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ағымдағы жылы 17 білім мекемесіне 1,5 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді», - деді аймақ әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өз сөзінде «Үздік педагог 2016» республикалық байқауында үздік деп танылған Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің мұғалімі Нұргүл Мұқышева мен Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Кенжебаеваларды да ерекше атап өтті.

«Жақында ғана Астана қаласында өткен «Үздік педагог 2016» республикалық конкурсында облыстың 2 ұстазы оза шапқанына қуаныштымын. Біздің оқушыларымыз да түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атануда. Мұның барлығы сіздердің жетістіктеріңіз. Бүгінгі мереке күні сіздерге тек жақсылық, зор денсаулық, оқу мен еңбекте шығармашылық табыстар тілеймін», - деді С.Кулагин.

Еске сала кетейік, биылғы жылы 76 ақмолалық оқушы зияткерлік олимпиадалардың,  126 оқушы шығармашылық конкурстардың, 108 оқушы спорттық жарыстардың жүлдегері атанды. 

Шара соңы мерекелік концертке ұласты. 











 

Соңғы жаңалықтар