Абайдың 150 өлеңін жатқа білетін павлодарлық ару «Сен сұлу» байқауының жеңімпазы атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Абайдың 150 өлеңін жатқа білетін Шарбақты ауданы Чигиринов мектебінің түлегі «Крендель» банкет-холлында өткен облыстық «Сен сұлу» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұл 19 жастағы Сәния Темірханованың екінші жеңісі - өткен жылдың желтоқсан айында ол өңірлік сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болған. Қазір Сәния Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында үшінші курста оқиды, болашағын журналистикамен байланыстырғысы келеді.

Байқауда ПМПИ-дың тағы бір студенті - Айжан Ғазизова бірінші орынды иеленіп, «Lounge-bar karaoke CAMELOT» атынан 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Музыкалық мектептің түлегі домбыра мен фортепианода шебер ойнайды және төрт тілді жетік меңгерген.

Екінші орын Аида Байтеміроваға берілді. С.Торайғыров атындағы ПМУ Машина жасау факультетінің 20 жастағы студенті бимен және спортпен айналысады. Байқау кезінде Қайыржан есімді жас жігіт Аидаға сезімін білдіріп, үлкен аю мен гүл шоғын сыйлады.

Сайыстың ең жас қатысушысы - 14 жастағы Лилия Иванова үшінші орынға тұрақтады. Черноярск мектебінің оқушысы өзінің жан-жақты, жаңалыққа жаны құмар жан екенін көрсетті.

Көрермендер көзайымы аталымында «RosModel» модельдік агенттігінің оқушысы Камила Жапарова лайық деп танылды.

Соңғы жаңалықтар