Абай ескерткішінің авторы «Шанхай рухы» композициясын жасады

None
None
Бүгін Шанхай Ынтымақтастық ұйымы хатшылығында «Шанхай рухы» атты мүсін композициясының салтанатты ашылу рәсімі болды.

Оның авторы әйгілі суретші, мүсінші және қоғам қайраткері, Бейжіңдегі «Цзиньтай» музейінің директоры Юань Сикунь. 

null  

Ол 2014 жылдың 19 наурызы күні Қытай астанасының орталығындағы «Чаоян» паркінде бой көтерген қазақтың Ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбаевтың мүсінін жасаған.

«15 жыл бұрын біздің ұйымымыздың негізін қалаушы көшбасшылар әлемдік қоғамдастыққа «Шанхай рухы» негізінде мемлекетаралық қатынастардың жаңа үлгісін ұсынған болатын.
Ол үлгі өзара сенім мен тиімділік, теңқұқылық пен өзара ақыл-кеңес, мәдениеттердің саналуандығын қолдау, бірлесіп дамуға деген ұмтылыс сияқты мәселелерді қамтиды. Бұл көпполярлы әділ әлем орнату бағытындағы шын мәніндегі жаңашыл қадам болатын»,-деді «Шанхай рухы» композициясының салтанатты ашылу рәсімінде ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов.

null  

Соңғы жаңалықтар