65 жастағы қазақстандық самбо бойынша әлем чемпионатында «алтынға» ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны 65 жастағы Анатолий Веклич самбо бойынша әлем чемпионатында «алтынға» ие болды, деп хабарлады alau.kz.

 Жарыстар 20-23 қазан аралығында Пореч қаласында өтті. Жас ерекшеліктері бойынша 45 медаль комплекті сарапқа салынды. 60 жастан асқан және 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  Анатолий Веклич финалда ресейлік, әлемнің төрт дүркін чемпионынан басым түсті. 

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3-орынға ие болды. Бірінші орында  - Ресей, екінші - Украина. Қазақстан құрамасы 4 алтынды олжалады. Солардың  бірі Рудный спортшысы, еркін күрес бойынша КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анатолий Векличке тиесілі.

Соңғы жаңалықтар