250 оқушы әскерилердің қызметімен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөлімінде «Қазақстан әскеріндегі бір күн» ашық есік күні өтті. Оған орта мектептердің 9-10 сыныбының 250-ден аса оқушысы қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар әскери қызметшілердің тұрмысымен, жағдайы және күнделікті тыныс-тіршілігімен, қару-жарақтың, әскери техника мен жауынгерлік амуницияның заманауи үлгілерімен танысып, әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын өз көздерімен көрді.

41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқ ату және дене даярлығы бойынша нормативтер мен жаттығулардың орындалуын көрсетіп, сондай-ақ, «Атлетизм, Табандылық. Алғырлық» кедергілер жолағынан өткендерін паш етті. Бір күннің қорытындысы бойынша біршама оқушылар алған әсерлерімен бөлісті және мектепті тәмамдағаннан кейін олар ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетті түрде қызмет ететіндерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар