23-25 қыркүйекте Астанада Жамбыл облысының мәдениет күндері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласында «Тарихи терең Тараздан тағзым» атты Жамбыл облысының мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс делегациясы іс-шара аясында астаналықтарды үш күн бойы өңірдің тарихымен, мәдениетімен, жетістіктерімен таныстырады. Бұл күндері облыстық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі,  филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер, театр спектакльдері мен қойылымдары және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өңірдегі ежелгі, ортағасырлық және қазіргі заманғы дәуірінен  хабар беретін  экспонаттардың көрмесі өтеді.

Мәдениет күндерінің аясында астаналықтардың назарына бірқатар  мәдени бағдарламалар ұсынылады.
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрында 23 қыркүйек күні сағат  11:00-де қала тұрғындары мен қонақтары С.Маршактың «Мысықтың үйі», Ш.Айтматовтың повесі желісімен сахналанған «Пегий пес, бегущий краем моря» атты қойылымдары өтеді.

24 қыркүйек күні 18:00-де Ф.Буляковтың «Выходили бабки замуж» атты комедиясы көрсетіледі. Бейбітшілік және келісім сарайында 16:00-де Жамбыл облысы өнерпаздарының «Ұлы Дала Ұлысым!» атты  концеттік бағдарламасы  ұснылады.
«Жастар» театрының сахнасында  24 қыркүйекте сағат 18:00 -де М.Әуэзовтың «Қилы заман»  повесі және 25-күні 16:00-де «Еңлік- кебек» трагедиясы көрсетіледі.
24 қыркүйек күні  ҚР Ұлттық музейінде  ежелгі Әулие-ата жерінің  артефактілері, қолөнер және көркем жұмыстар көрмесі өтеді.
Сондай-ақ елорда тұрғындарына 24-25 қыркүйек күндері  ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда  жалпы көлемі 315 тонна болатын  30-дан астам өнім түрлері  ұсынылады. Оның ішінде, ет және ет өнімдері, балық, көкөніс, жеміс-жидек, сүт , жұмыртқа өнімдері және т.б. тауарлар қаладағы бөлшек сауда бағаларынан 8-15 пайызға төмен сатылады.

Соңғы жаңалықтар