2020 жылдары жабайы аңдардың үштен екісі жойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамзаттың әрекетінің салдарынан Жер бетінде жабайы аңдар популяциясы жойылып барады. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) жария еткен есебі бойынша 2020 жылдары олардың саны 1970 жылғымен салыстырғанда үштен екіге азаяды. Құрып бара жатқан аңдар қатарында сүтқоректілер, балықтар, құстар, қосмекенділер және т.б. бар.

WWF есебін екі жылда бір рет жариялайды. Соңғысында өткен дәуірлерде аңдардың құрып кетуіне адамның ықпалы талданған. Атап айтар болсақ, 1970- 2012 жылдар аралығында жабайы аңдар саны 58 пайызға қысқарған. Егер адамзат осыған қарсы шара қолданбаса таяу болашақта популяцияның жойылуы қарқын алып кетуі мүмкін.

Ғалымдар осы деректерді назарға ала отырып алдағы уақытта Жер бетіндегі 40 жыл бұрынғы болған хайуанаттардың үштен бірі ғана қалуы мүмкін деп қауіптенеді.

Еске сала кетсек, WWF болжамы жануарлардың түріне емес жалпы санына қатысты. Алайда сарапшылар популяцияның күрт азаюы көптеген жануарлар түрінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін деген қаупін жасырмайды.

 

Соңғы жаңалықтар