15 сөзден тұратын көше атауы бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібірге таяу орналасқан Бердск қаласында аты 15 сөзден тұратын көше табылды. Бұл туралы "Комсомольская правда" сайты хабарлады.

Жергілікті тұрғындар төлқұжатында «Шаруашылық қожалығын ұйымдастыру үшін кәсіподақтың бүкілодақтық орталық кеңесінің қосалқы шаруашылығы жерінен алынған аумақ» деген мекенжайды көруге болады.

Бір қарағанда, жағдай қызық көрінеді, алайда көшенің мұндай атауы қалалықтарға көптеген қиындықтар тудыруда: оларға пошта жетпейді, жедел жәрдем мен учаскелік дәрігер келмейді, бұл мекенжай құжат алу үшін қажетті ресми бланктерге сыймай жатады.

Бұндай ерекше атау төрешілдік тәртіпсіздіктен орын алған. Бастапқыда қазір үйлер тұрған жерді үй салу үшін емес, бақша егу үшін бөлген. Бұл аудан күні бүгінге дейін тұрғын үй  аумағына жатпайды. Демек, бұл ұзын атау көше емес, аумақты сипаттайды.

Соңғы жаңалықтар