10 мың павлодарлық оқушы жаттығу жасауға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өткен XXXI Олимпиада ойындарының қатысушысы Мамед Ибрагимов «Универсиадаға дейін 100 күн» спорттық шарасы аясында павлодарлық студенттермен бірге жаттығу жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін №37 орта мектеп пен ИнЕУ-де Рио-де-Жанейрода өткен XXXI Олимпиада ойындарының қатысушысы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, еркін күрестен халықаралық сайыстардың жеңімпазы Мамед Ибрагимов пен Қазақстан, Азия ойындары мен Әлем кубогының иегері, кикбоксингтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерсайын Қасамбаев оқушылармен және студенттермен жаттығу жасады.  Шараға барлығы 10 мың оқушы қатысқан.  

«Универсиада  барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырады. Осындай спорттық шаралар барлығымызды біріктіреді. Біз қазақстандықтардың қолдауын сеземіз және оларға алғысымызды айтқымыз келеді», - деді Мамед Ибрагимов.  Қазақстан Республикасының 25 жылдық тарихындағы ең ірі спорттық шара 28-ші Халықаралық қысқы Универсиада 2017 жылы Алматыда өтеді. Шараға әлемнің 55 елінен екі мыңнан аса студент қатысады деп күтілуде. Оның 220-сы Қазақстанның намысын қорғайды.

«Қазіргі таңда жастардың спортпен шұғылдануы үшін жақсы жағдай жасалған. Жаңа спорт алаңдары мен спорт мектептері, сауықтандыру орталықтары ашылып жатыр. Бүгін де жастарға спортты дәріптеу үшін осында келіп тұрмыз», - деді Ерсайын Қасамбаев.  Айта кетерлігі, ИнЕУ-де үш әлем чемпионы, 12 спорт шебері мен 19 спорт шеберіне үміткер оқиды.

Соңғы жаңалықтар