05 Наурыз 2016, 17:01

Әнші Әли Оқапов өзіне қандай қыздар ұнайтынын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал әнші Әли Оқапов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«8 наурыз - бұл бірінші кезекте көктем мерекесі. Оны атап өтпеу мүмкін емес. Бұл күндері қала  қарбалас тіршілікке көшеді, дүкендерде кезек көбейеді. Ал ерлер  болса, соңғы минуттарда  жанталасады. Мен мерекеде барлығын бірдей құттықтау әдетімде жоқ. Өзіме ең жақын адамдарды ғана құттықтаймын. Ең бірінші, әрине, анамды, сосын педагогтар мен оқытушыларымды... », - деді ол.

 «Осы жолы бізде ерекше күн. 8 наурызды сахнада өткіземіз. Мәди екеуміз ерекше сыйлық жасап үлгереміз бе, жоқ па, білмеймін. Дәстүрлі түрде гүл сыйлаймыз. Бұрын қолдан сурет салып, ашық хат жасағанды жақсы көретінбіз. Қазір ержеттік. Мұндай сыйлық енді ыңғайсыз», - деп қосты Ә. Оқапов.

Бұдан басқа, отандық эстрада жұлдызы нәзік жандылардың қандай қасиетін ерекше бағалайтынын айтып өтті.

Әлидің айтуынша, әйел заты тәрбиелі, мәдениетті, жоғары парасат иесі әрі әзілді түсіне білетін болғаны маңызды.  Әзілдің, әншінің айтуынша, жақсы сәттерде де, қиын сәттерде  көмегі мол.

Сөз соңында жас әнші әйелдер қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

 

 

 Басты сөздер: Өнер , Қоғам , Мәдениет
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті екі күннің ішінде рәсімдей алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куəлігі мен босқын куəлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою жəне жою қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Калифорнияда мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат етілді
Қостанай әкімдігі 94 жастағы соғыс ардагерінің пәтерін тартып алмақ болды
БҚО-да егіннің әр гектарынан 16 центнерден өнім алынуда
Елордада Қызылорда облысының күндері өтеді
Баланың емі үшін Олимпиада-2016 жүлдегері өз медалін сатып жіберді
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 82,7 пайызды құрайды
Құралай Нұрқаділованың мүлкі сатуға шығарылды
Қызылорда дәрігерлері баспанасыз адамға көмек көрсету төңірегінде туындаған оқиғаға түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы биылғы 19 тамызда Қызылорда баспанасыз адамға көмек көрсету төңірегінде туындаған оқиғаға түсініктеме берді.

Пікір білдірілген мақалалар