24 Ақпан 2016, 16:34

«Денсаулық» бағдарламасы бірінші кезекте бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді жақсартуға бағытталады - Т. Дүйсенова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қала тұрғындарымен жылдық есептік кездесуі болып өтті. Осы алқалы жиынның соңында сөз алған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы әзірленгендігін мәлім етті.

«Біздің министрлік әзірлеген бұл «Денсаулық» бағдарламасы бірінші кезекте бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жұмысын жақсартуға бағытталады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында аурулардың алдын алу және ескерту жұмыстары жаңғыртылады. Биыл денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен 800 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржының едеуір бөлігі трансплантологияға бағытталады. Қазір елімізде жүрекке ашық ота жасауға, бауыр мен бүйректі ауыстыруға қол жеткізілді. Болашақта басқа да органдарды ауыстырып салуға күш жұмсалады», - деді Т. Дүйсенова.

Сонымен қатар, министр елімізде жұмыссыздық мәселесін шешуге қомақты қаржы жұмсалатындығын жеткізді.

«Үкімет «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын қабылдады. Оған 100 млрд. теңге бөлінді. Бұл жерде, әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды оқыту және жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазір елімізде 2 миллион адам зейнетақымен қамтамасыз етілген. Бұған ел бюджетінен 700 трлн. теңге бөлінеді. Одан басқа, елімізде 800 мың мүгедек жан әлеуметтік жәрдемақы алады. Биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы - 25 пайызға, ортақ зейнетақының көлемі - 9 пайызға, шәкіртақы 25 пайызға артты. Ал 1 қаңтардан бастап, азаматтық қызметтің барлық қызметкерлеріне жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді. Бұл шараларға 2 трлн. теңгеге қосымша ретінде республикалық бюджеттен тағы 267 млрд. теңге бөлінді», - деді Т. Дүйсенова. 

 

 

Автор: Айбота Жаппарберген
 Басты сөздер: Алматы , ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі , Медицина , Әкім
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Биыл «Еуразия барысы» турнирі алғаш рет «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі 2016 жылдың 2-ші қазанында 12 мың орындық «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. Аталған турнир Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Сайысқа 8 елден, 130 қатысушы келеді деп жоспарланған.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Балқаш дүкеніне күдікті ет жалған ветеринарлық анықтамамен түскен
Қазақстаннан гуманитарлық көмек Бішкекке келіп жетті
Британдық ИМ жендеті өзінің 13 жасар ұлы екенін таныды
Марк Цукерберг Қызыл крест қайырымдылық қорына 500 мың еуро бөлді
Қазақстанда Конституция күнін атап өтуде
Сенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады


АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек солтүстік, солтүстік-батыс және шығыстың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Пікір білдірілген мақалалар