26 Қаңтар 2016, 10:36

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына өз баламасын әзірледі

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ 2022 жылға 

дейін банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша «Өз үйім» дағдарысқа қарсы бағдарламасын әзірледі.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарлама үш бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жеке әріптестік және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық.

Қазіргі сәтте ЖАО-мен, екінші деңгейлі банктермен, құрылысшылармен келіссөздер жүргізілуде.

 «Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылығы - Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін толық басымдық, шаршы метріне төмен баға, валюталық бағамға тәуелді болмау, үй сатып алуда ерекше жағдайлардың болмауы.

Бағдарламаға кез келген банк клиенті қатыса алады. Алайда бірінші кезекте үй сатып алуға құқықты меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ салымшылар ала алады.

Мұның 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасынан айырмашылығы - соңғы екі жылда Алматы және Астана қалаларында тіркелу талабы болмайды. 

Бүгінде бағдарлама аясында орташа баға шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Жылдық проценттік мөлшерлеме - 5-тен 10 пайызға дейін. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша 350 мың шаршы метр құрылыс көлемі пысықталады. «Өз үйім»  бағдарламасы аясында 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Банктің дағдарысқа қарсы бағдарламасы 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қосымша болады. Банк салымшылары қолжетімді бағамен үй сатып алудың баламалы мүмкіндігін алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі салымшылардың ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй құрылысшылары мен жобаны таңдауын қамтиды. Бағдарламаны қаржыландыру банктің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыттары бойынша 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 459 мың шаршы метрге келісім іске асырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында тіркеледі. Өңірлерде белгіленген баға шаршы метрі 90-110 мың теңге, Астана мен Алматы қалаларында шаршы метріне 143 мың теңге.

 

 

 Басты сөздер: Елбасы Жолдауы , Тұрғын үй , Институционалдық реформа. Ұлт жоспары - 100 қадам , Қаржы , Банктер
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

АХҚО қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек режіміне ие болады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат  - «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылар жеңілдетілген визалық және еңбек режіміне ие болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Пікір қалдыру

ғалия 27.01.2016
бұл бағдарлама өте жақсы екен.дал осылай іске асса игі еді
Насихат Мырзабаевна 28.01.2016
Өте тиімді бағдарлама сияқты. Бірақ мен қарапайым жұртқа айлық мөлшерде қаншаға түсіп тұрғанын түсіне алмадым.
Райхан 28.01.2016
Атында үйі бар адамдарға берілмей ма?
талгат 03.02.2016
Халыкка тиімді болса өте жақсығой.
Рустем 09.03.2016
Егер де мен Тараз қаласында тұрып Астана қаласынан үй алуға бола ма?
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

1 маусымда Астанада 20-дан астам шара ұйымдастырылады
АШМ Қазақстан мен Қытай арасында жерді жалға беру туралы келісімге қол қойылғанын жоққа шығарды
ТӘРБИЕ: Балаға 3 жасқа дейін нені үйрету керек?
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
Сенегал Президенті Маки Салл: ЭКСПО 2017 табысты өтетіндігіне сенімдімін
ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Ұлыбританияны мигранттар басып барады
Павлодарда 3 млн теңге ұрлаған екі жасөспірім аналарына тон сыйлаған
Н.Назарбаевтың мектеп бітіргенде сыныптастарымен бірге түскен фотосуреті жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының мектеп бітіргеніне биыл 58 жыл болды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында. 

Пікір білдірілген мақалалар