26 Қаңтар 2016, 08:56

Мәскеуде Қазақстанның сауда үйі ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат   Мәскеудің ең ірі «Фуд сити» көтерме-бөлшек сауда азық-түлік орталығында «Оңтүстік Қазақстан» сауда-көрме залы ашылды. Жобаны Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің және Сауда өкілдігінің қолдауымен «KazFood» брендімен «Призма групп» компаниясы ұйымдастырып отыр.

Сауда-көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова, «Фуд сити» агрокластерінің бас директоры Омар Абрамов, ресейлік бизнес және қазақстандық кәсіпорын өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында сөз алған ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Мәскеудің ірі сауда орталығында Оңтүстік Қазақстанның тұрақты жұмыс істейтін көрме орталығының ашылуы қазақстандық және ресейлік тараптың ұзақ уақыттан бері жүргізген жұмысының нәтижесі екендігін атап өтті. «Павильонды ашудағы мақсат қазақстандық өндірушілердің өнімдерін таныстыру. Ресей астанасының барлық ірі сауда желілері мен мейрамхана бизнесі тауарларын осы орталықтан сатып алады. Осылайша, біздің отандық өндірушілерге Мәскеу нарығына жол ашылды», - деді С.Тұяқбаев.

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта жеміс-жидек, ет-сүт өнімдерін, тоқыма бұйымдарын Мәскеу нарығына жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ Мәскеуде қазақстандық өнімдер сататын шағын дүкендер желісін ашу да көзделіп отыр.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілінің орынбасары Г.Бодықова да өз сөзінде аталған жобаның болашағы зор екендігін атап өтіп, оның қазақстандық дайын өнімді экспортқа ілгерілетуге өз септігін тигізетіндігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі Мәскеуде, Мәскеу облысында және Ресейдің басқа да өңірлерінде тағы да 12-14 дүкендер мен сауда алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.

«Оңтүстік Қазақстан» павильонында әзірше қазақстандық өнімнің 24 түрі ғана қойылған. Дегенмен таяу аралықта жобаға қатысушылар тауар түрлерін жүзге жеткізуді жоспарлап отыр.









 

Автор: Марлан Жиембай      
 Басты сөздер: Оңтүстік Қазақстан облысы , Басқа меморгандар , Қазақстандық тауар , Қазақстан және Ресей
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл жұртының 95 пайызы қазақша сөйлейді, деп жазады Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Ғалия Боранбаева «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Астана Василий Левитті қалай қарсы алды
24 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
Челябіде екі жас қазақстандық суға батып кетті
Қазақстандық бітімгершілер «Мызғымас бауырластық - 2016» оқу-жаттығуында өзара іс-қимылды нығайтуда
Гүзел Манюрова: Біз олжалаған медальдарда xалық қолдауының бір бөлшегі бар
Тищенконың Левитпен кәсіби бокс рингінде кездескісі келеді
Барша жанкүйерлерге қолдағандары үшін басымды игім келеді - Левиттің анасы
Риодағы Олимпиада: медальдар кестесі

АСТАНА. ҚазАқпарат -Риодағы Олимпиадада спорттың 28 түрінен 306 медальдар жиынтығы ойналды. Бірінші орынға АҚШ ие болды. Екінші орында - Ұлыбритания, үшінші орында - Қытай.

Пікір білдірілген мақалалар