09 Желтоқсан 2015, 22:20

Н. Назарбаевқа Ресейде «Жыл адамы-2015» атағы берілді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Халықаралық қатынас» аталымы бойынша «Жыл адамы-2015» сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеудегі Құтқарушы Христ Шіркеуінде өтті.

Ұйымдастырушылар - Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясаттағы үздік жетістігі және Еуразиялық экономикалық одақты нығайтудағы үлесі үшін бұл сыйлыққа лайық деп танылды.

Еске салайық, 2012 және 2014 жылы да Қазақстан Көшбасшысы осы атаққа ие болған болатын.

Сондай-ақ осы жылғы лауреаттар арасында РФ Президенті В. Путин, БР Президенті А. Лукашенко, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Куба Президенті Р. Кастро, Татарстанның Тұңғыш Президенті М. Шаймиев, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирил, академик Л. Бокерия, кинорежиссер Н. Михалков, т.б. бар.   

null  
null null  

 

 

 Басты сөздер: Қазақстан Президенті , Қазақстан және Ресей
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Риода алған Қазақстан спортшыларының 17 медалі Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болды - Елбасы

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Риодағы Олимпиадада халқымыздың ортақ қуанышына айналған 17 медаль қастерлі Тәуелсіздік мерекесіне тамаша тарту болды. Бұл туралы бүгін Астанада жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанатты шарасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

41 жыл бұрын перзентханада ауысып кеткен екі канадалықтың хикаясы
Қарағанды облысында көмірді өңдеу жобасы белсенді кезеңге шықты
Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында өткінші жаңбыр жауады
Павлодар полицейлері тұрмысы төмен отбасыларының 100 баласын мектепке әзірледі
Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады - В. Присяжнюк
Қостанайда ауыл тұрғындары 523 млн. теңге шағын несиелер алды
Әділбек Ниязымбетов шаңырақ көтермек
Жерге ең жақын экзопланета табылды

АСТАНА. ҚазАпарат - Еуропалық астрономдар Жерге ең жақын экзопланетаны тапты. Экзопланета деп тіршілікке қолайлы жағдайы бар ғаламшарларды атайды. Проксима Б деп аталатын бұл аспан денесінің мөлшері Жермен шамалас. Альфа Центавра шоқжұлдызында орналасқан осы ғаламшар Күн жүйесінен 4,2 жарық жылы қашықтықта орналасқан www.24.kz.

Пікір білдірілген мақалалар