18 Тамыз 2014, 08:24

Назарбаев зияткерлік мектептерінде озық американдық сандық зертханалар ашылған (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев зияткерлік мектептерінде физика, химия және биология пәндерін өткізуде жетекші американдық "Pasco" компаниясының сандық зертханалары пайдаланылады. Бұл туралы Қазақстандағы "Pasco" ресми дилері - «Interactiv Kazakhstan» ЖШС бас директоры - Нұрлан Құрақбай хабарлады.

"Назарбаев зияткерлік мектептерінде пайдаланылатын бұл құрылғылар білім және ғылымның әлемдік стандарттарына сай зертханалық жұмыстар жүргізуге жол ашады", - деді ол.

"Spark" зертхана кешеніне құрылғыны тіркейтін оқу құралы, химиялық құрылғы (температура, қуат, абсолютті қысым, сұйықтықтағы pH), су сапасын анықтайтын құрылғы (температура, pH, ISЕ, ТҚП, оттегінің еруі мен өткізгіштігі), ауа райын анықтайтын құрылғы (температура, барометрлік қысым, салыстырмалы және абсолютті ылғалдылық, желдің жылдамдығы мен екпіні және т.б), тығыздықты анықтайтын жабдық, таразы, жылытқыш плита, тамшы есептегіші, магнитті бұлғауыш, химия бойынша тәжірибе құрылғылары, сұйықтық электролизі, қосылыстарды бөлу, хромотография, электр өткізгіштігі, химиялық байланыстар, қышқылдар мен негіздерінің құрылғылары, сонымен бірге қозғалыс, жарық, дыбыс, көмірқышқыл газының және т.б. құрылғылары кіреді.

«Interactiv Kazakhstan» мектептерде осындай зертханалар орнатқан соң мұғалімдер үшін арнайы курстар өткізеді. Мұғалімдер зертханаға қатысты сауалдарын онлайн режимде де жолдай алады. Бүгінде "Pasco" зертхана кешендерін пайдаланудың әдістемелік нұсқаулары қазақ және орыс тілдеріне аударылған.







 Басты сөздер: Білім
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Сондай-ақ... оқыңыз

Қызылордалық полицейлер «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға қуаныш сыйлады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Мектепке жол» акциясы барысында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қайырымдылық шарасынан шет қалмай, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті. 

Пікір қалдыру

Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

Көп оқылғандары

Берлин сахнасында қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалды
Елордада Қызылорда облысының күндері өтеді
БҚО-да егіннің әр гектарынан 16 центнерден өнім алынуда
Банкрот болған бизнесмен Мәскеу орталығындағы банкті басып алды
АУА РАЙЫ: Бейсенбіде ел аумағында күн ашық болады
Мәскеуде банкті басып алған адам полицияға берілді
ОҚО-да жаңа оқу жылында 611 мың оқушы білім алады
Рио-2016 Олимпиадасының жеңімпазы кезінде Ұлттық құрама сапынан қуылған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ауыр атлет Карина Горичеваны төмен көресткіші үшін үш жыл бұрын Қазақстан құрамасының сапынан шығарып та жіберген еді...

Пікір білдірілген мақалалар