Weather
Astana 12 °С
Almaty 18 °С
Exchange rates
USD 337.37
EUR 378.29
RUB 5.30
CNY 50.58

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО инспекциясына басшы тағайындалды

10 January 16:36

ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бұйрығымен және облыс әкімінің келісімімен  бұған дейін Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шағуан Мұташұлы Ибрагимов ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бастығы қызметіне тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов  жаңадан құрылған мекеменің ұжымына тағайындалған басшыны таныстырып, ұжым алдына нақты міндеттерді жүктеді.

Ш.Ибрагимов, 1955 жылы Ресей Федерациясының Ставрополь өлкесі, Красин ауданы, Ленин атындағы совхозда дүниеге келген. Ленинград ветеринарлық институтын және «Евразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтын бітірген. Мамандығы - ветеринарлық дәрігер, менеджер. Еңбек жолын 1972 жылы Гурьев облысының Теңіз ауданы, Балқұдық ауылында байланыс бөлімінің монтері болып бастаған. 2006 жылдың сәуір айынан Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Keywords: